03.04.2025 Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
«Атырау жылу жүйелері» АҚ ағымдағы жылдың 8-9 сәуірінде
магистралды жылу желілерінде
жылу тасымалдағыштың есептік температурасына жоспарлы сынау жүргізілетінін хабарлайды. Сынақ кезеңінде
жылыту және ыстық сумен жабдықтау желілерінде
температура параметрлері көтеріледі.
Сондай-ақ, үй-жайлардың ішкі
температурасын төмендету мақсатында оларды қарқынды желдетуді ұсынылады,
осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Өздеріңіздің
қауіпсіздіктеріңіз үшін термиялық күйік алудан сақтану үшін жылу құбырларына 10
метрден кем қашықтықта жақындамау, қауіпті аймақта балаларды, үй жануарларын,
автокөлікті және басқа да жеке заттарды қараусыз қалдырмауды сіздерден өтініп
сұраймыз.
Жылыту тұрбақұбырларында
судың ағуы мен құбыр жарылуы болған
жағдайда, 32-22-58, 99-43-98, 99-43-07 телефондары бойынша бізге дереу
хабарлауды сұраймыз.