26.06.2025 Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
«Атырау жылу жүйелері» ЖШС жылу желілерінің жер үстімен
жүргізілген тұрбақұбырларын реконструкциялау бойынша жөндеу жұмыстарына
байланысты қаланың сол жағалауындағы Кардиологиялық орталық маңындағы көпір
астындағы автожолдың жүру бөлігі 2025 жылғы 27 маусымда 09 сағат 00 минуттан 13
сағат 00 минутқа дейін жабылатыны туралы хабарлайды.
Осыған байланысты
уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.